Сынып сағаты » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сынып сағаты
21
желтоқсан
2021

Сынып сағаты

21 желтоқсан күні 11 «А» сынып оқушыларымен табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру, «Қызыл кітапқа» енген және жер бетінен жойылып кеткен аң құстар туралы; табиғатты аялауға, оған қамқорлық жасауға, оны сақтап, көркейту үшін үлес қосуға тәрбиелеу мақсатында «Экология және біз» тақырыбында сынып сағаты болып өтті. Экологиялық тәрбие - табиғатқа деген жанашырлықты адам бойына сіңіру. Қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарды оңды-солды шашамыз, суды, ауаны ластаймыз, көптеген тұрмыстық қоқыстар шығарып жатырмыз. Табиғатты қорғауды өз үйіңнен бастауға болады, бұл - суды үнемдеп жұмсау, оның ластануын төмендету, ауаны ластайтын зиянды заттары жоқ нәрселерді қолдану, т.б. Сөйтіп экологиялық мәдениеттің басы отбасында түзіледі. Мұндайға жол бермес үшін алдымен енді өсіп келе жатқан жас буын тәрбиесіне баса назар аударғанымыз жөн. Еңбектеген бала шағынан туған Отанын сүюге тәрбиелеуді қолға алу қажет. Жастайынан бойына отансүйгіштік сезімін сіңіріп өскен бала қоршаған ортасын ластамай, басқаларды да соған үндейді деп сенеміз