Ұлттық теңге-тәуелсіздігіміздің белгісі. » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлттық теңге-тәуелсіздігіміздің белгісі.
15
қараша
2021

Ұлттық теңге-тәуелсіздігіміздің белгісі.

1993 жылы 15 қараша күні елімізде  ұлттық валюта теңге айналымға енген күн. Ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды. Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл-Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте Абай, елу теңгелікте Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылай хан бейнесі сомдалған еді. Ұлттық валюта күніне орай №43 жббм тарих пәнінің мұғалімі Тлеубаева  Ардак Баубергеновна "Ұлттық теңге-тәуелсіздігіміздің белгісі" тақырыбында 9 сыныптарға танымдық сабақ  өткізді. Сабақ барысында теңгенің тарихы баяндалып, оқушылар өз ойларымен бөлісті.