Жастар кітап оқуды таңдайды. » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жастар кітап оқуды таңдайды.
16
қыркүйек
2021

Жастар кітап оқуды таңдайды.

15.09.2021жылы Алматы қаласы Жетісу ауданы №43 ЖББ мектебінің 9 ә сынып оқушылары мен мектеп кітапханашысы А. Б. Ағыманның ұйымдастыруымен Жамбыл атындағы Алматы қаласының жасөспірімдер кітапханасы барып қайтты. 1976 жылы ақпарат, рухани тілдесу және жастардың демалыс орталығы ретінде құрылып, республикалық маңызы бар кітапхана мәртебесін алған, 
1996 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен кітапханаға ұлы ақын, жыршы Жамбыл Жабаевтың есімі берілген, 
сонымен қоса келушілер үшін бар жағдай жасалып, заманауи компьютерлермен жабдықталған. Модернизация кітапхананы коворкинг-орталығымен табысты біріктіре алған. Жаңадан ашылған бұл орталықтың мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді, пайдалы өткізуіне себеп болу және еркін пікірлесу алаңын қалыптастыру.
 Сондай-ақ нысанға Жамбыл есімін беліргендіктен кітапханада ұлы жыршы туралы әдебиет сақтайтын «Жамбыл Жабаев қоры» бар. Бүгінде кітапханада жастарды әлеуметтік ортаға бейімдеуге, оларды мемлекет және азаматтық қоғам институттарына тартуға арналған түрлі іс-шаралар өтіп тұрады. Бұл бағытта «Жастар кітап оқуды таңдайды», «100 үздік Қазақстандық кітап», «Жастар кітабының апталығы», «Кітапхана+кино», жобасы келушілер арасында танымал.Мектеп оқушылары кітапхана қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіреді.

Похожие публикации:

31 наурыз 2021 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
07 қараша 2020 "Асар"
01 қыркүйек 2018 Хабарландыру