"Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі"
04
қыркүйек
2021

"Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі"

04.09.2021 Алматы қаласы Жетісу ауданы №43 жалпы білім беретін мектептің ұжымы  ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың  01.09.2021жылы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі»  атты Қазақстан халқына жолдауын тыңдап, талқылады. ҚР Президенті Жолдауда өткен отыз жыл ішінде «Ең басты жетістігіміз-біртұтас ел болдық. Еліміз тұрақты қоғам құрып, орнықты даму жолына түсті», – дей отыра, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың  тәуелсіз елімізді құрып, дамытудағы ерен еңбегін атап айтты.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелерді қозғады. Жаңа Жолдауда білім-ғылым саласы бойынша да көптеген өзекті мәселелер көтерілді. Білім саласына қатысты сөйлеген сөзінде Президент «Біз ұстаздарды қолдау саясатын жалғастыра береміз», – деді.Жолдау осындай көптің көңілінен шыққан білім бағдарламаларын тез өзгермелі заман талабымен үндестіру, оқытушы-педагогтердің кәсіби біліктілігін әр бес жыл сайын емес, енді 3 жыл сайын көтеру, оқушылар арасындағы ғылыми жобалар конкурстары мен олимпиада жеңімпаздарын тәрбиелеген педагогтерді марапаттау сияқты бастамаларын мектеп ұжымы қолдайды.

Похожие публикации:

24 қараша 2020 Сынып сағаты
12 қыркүйек 2019 Ата-аналар жиналысы
01 қыркүйек 2018 Хабарландыру