Майдангер атамның өмір жолы » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Майдангер атамның өмір жолы
04
мамыр
2021

Майдангер атамның өмір жолы

Соғыс уақытын көзімен көрген көне көз қариялардың айтқанын тыңдасаң да, осы тақырыпқа жазылған әдеби-көркем шығармаларды оқысаң да, ердің ері ғана шыдаған сол бір қан майданға өз азаматын жібермеген қазақ отбасы, өз үлесін қоспаған қазақ баласы болмапты. Өмірден көргені мен түйгенін бір ауыз сөзге сыйғыза білетін халқымыз «Ер басына күн туса, етігімен су кешер, ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер»  дейді. Cұрапыл соғысқа біздің әулеттен менің атам Асубаев Сеит  қатысқан. Майдангер атамның өмір жолы туралы деректерді білу мен үшін әрі қызық, әрі мақтаныш.1941 жылы күзде неміс қоршауында қалған Ленинград қаласын қорғаудан бастайды. Атам 248 төтенше атқыштар дивизиясында полк минометін оқтаушы болды.
Атам Асубаев Сеит Семей облысы Құмкөл ауылында Ұлтарахов Асубайдың отбасында 1922 жылы дүниеге келген.
 Атамның өзі жазып кеткен  естеліктеріне көз жүгіртсек: «Мен Совет Армиясы  қатарына 1941 жылы 6 июньде Ойшілік селосынан алындым. 1941 жылы 22  июнь күні герман фашистерінің бейбіт елімізге тұтқиылдан шабуыл жасағанын біз жолда келе жатып естідік. Әскерге келе жатқан бір эшалон  азаматтар түнде келіп Ленинград қаласына түстік. Совет жауынгерлерінің қаһармандығымен, халқымыздың асқан табандылығы нәтижесінде  Лениград қаласы жаудан азат етілді. Бұл кезде қатардағы жауынгер болатынмын.  Енді бұрынғы  батальоннан ауысып 248-төтенше атқыштар дивизиясындағы полк минометінде  оқтаушы болдым.  Командиріміз Романенко  деген кіші лейтинат болды. Соғыстағы жауынгерлік еңбектеріме орау «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ленинградты азат еткені үшін» медальдарымен наградталдым. 1943 жылы біздің артилерия полкінен 12 адам барлауға іріктелді. Мақсат – жау жағынан «тіл» әкелу болатын. Солардың ішінде  мен де  бар едім. Бастаушымыз аға лейтенант пятков деген еді. Қыс кезі болатын. Түнделете межелі жерге келдік, міне, енді «тілді» қалау алу керек. Біз өзара  ақылдасып, келісіп алдық. Мен жау бекінген жер  үйдің мұржасынан танкіге қарсы қолданатын үш гранатты  тастайтын болдым. Біріміз күзетшіні ала  қашамыз. Қалғандары «тіл» алып баратын адамды қорғайтын болды. «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» деген емес пе? Операциямыз ойдағыдай аяқталды. Тек бір жолдасымыз ғана қолынан жараланды. Басқамыз аман оралдық. «Ерлігі үшін» медалімен наградталып, кіші сержант атағын алдым. Майдандағы жауынгерлік жолым Бредослава қаласында аяқталды. 1944 жылы  декабрьде біздің артиллерия полкі қала түбінде шешуші шайқасқа қатысты. Осы шайқаста мен оң аяғымнан айырылып госпитальға түстім. Әскери госпиталдьда 9 ай жатып, жазылып, туған ауылға оралдым. Сол бір сұрапыл қан майданның Жеңіспен аяқталуына биыл 30 жыл толады.  Бұл Ұлы Жеңісті мен де бүгінгі замандастарыммен бірге қуанышты қарсы аламын»- дегена атамның Ұлы Жеңістің 30 жылдығы мерекесінде жазған естеліктері аудандық газеттерде мақала ретінде бірнеше рет жарық көрген екен. Міне осылай біздің әулетте менің атам ғана емес, атамның немере аға-бауырларыда қатысқан екен олардың көбі майданнан оралмады. Ұлы Отан соғысына әрбір түтіннен бармаған ер -азамат болмады. Ұлы Жеңістің жақындауына менің атам мен жақындарымның үлесі бар екенін ойлағанда бойымды мақтаныш сезімі бойлайды. Атам бір аяғынан айырылса да, соғыстан кейін де өз қатарына қалмай ауданда еңбек етіп, ауданымыздың экономикалық дамуына үлес қосты.