ҰБТ-да ережелерді бұзу тест нәтижелерін жарамсыз етеді » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰБТ-да ережелерді бұзу тест нәтижелерін жарамсыз етеді
22
маусым
2020

ҰБТ-да ережелерді бұзу тест нәтижелерін жарамсыз етеді

View this post on Instagram

ҰБТ-2020: АЛҒАШҚЫ КҮННІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Бүгін 6 206 адам ҰБТ нәтижелерін алады. Қатысушыларға электронды сертификат беріледі. ҰБТ-ның бірінші күні 6 512 адам тестілеуден өтуді жоспарлаған. Бірақ 144 талапкер ҰБТ өткізу пунктеріне келмеді. ❗ Тестілеуге кіргізу барысында 2 талапкерде жоғары температура анықталды, олар ҰБТ-ны басқа күні, сауыққан соң тапсыра алады. ҰБТ-ға қатысушыларды тәуелсіз сарапшылар қадағалады. Олардың құрамына Арнайы мониторингтік топтардың мүшелері, қоғам қайраткерлері, Үкіметтік емес ұйым, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және «Адалдык аланы» жобалық кеңсе өкілдері кірді. ✅Биыл ҰБТ-дағы бақылау күшейтілді. Әр аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Қатысушылар металл іздегіштен өтпес бұрын ережелерді ұстану туралы міндеттемелермен танысып, тыйым салынған заттардың жоқтығы туралы құжатқа қол қояды. ❌Тыйым салынған заттарды қолдануға жасалған кез келген әрекет тест нәтижелерін жарамсыз етеді, қатысушы аудиториядан шығарылады және осы жылы ҰБТ-ны қайта тапсыра алмайды. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша: тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін 73 және тест тапсыру барысында ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін 87 талапкер, яғни 160 адам тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Олардың басым көпшілігі Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тіркелген. 📹25 тамызға дейін әр аудиториядан алынған бейнежазбаны мамандар зерделейді. Егер бейнематериалдарды талдау кезінде ережелерді бұзу анықталса, талапкердің тест нәтижелерінің жойылуына әкеледі. Егер сол кезде қатысушыға грант тағайындалған болса, онда ол гранттан айрылады. Талапкерлерге сәттілік тілейміз! Шпаргалка дайындаудың қажеті жоқ, тыйым салынған заттарды әкелмеген жөн. Өз күштеріңізге сенімді болыңыздар!

A post shared by @ zhetisu_43_school on

Похожие публикации:

13 қаңтар 2015 8-қосымша
13 қаңтар 2015 2-қосымша