"Балалар еңбегінің қаналуына жол жоқ!" » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Балалар еңбегінің қаналуына жол жоқ!"
05
маусым
2020

"Балалар еңбегінің қаналуына жол жоқ!"

View this post on Instagram

Балалар еңбегінің қаналуына жол жоқ! » 2002 жылы Халықаралық еңбек ұйымының ұсынысымен 12 маусым балалар еңбегімен күрес күні ретінде белгіленген болатын. Ондағы мақсат – кәмелетке толмаған жасөспірімдер еңбегінің заңсыз пайдаланылуына жол бермеу.  Заңсыз кәмелет жасына толмаған балалардың еңбегін қанау туралы түсінік беріп, құқықтық тәрбие беру. Бала еңбегі проблемасы бүкіл әлемде: өнеркәсібі дамыған елдерде де, дамушы елдерде де орын алып отыр. Бала еңбегі баланың дене дамуы мен психоәлеуметтік дамуына үлкен, кейде оңалмайтын нұқсан келтіреді. Жас мөлшеріне сай емес, ауыр еңбекке негізінен халықтың әлеуметтік неғұрлым осал топтарының, тұрмыс деңгейі төмен отбасыларының немесе толық емес отбасыларының балалары араласады. Сонымен қатар олардың білім алуға, денсаулық сақтау қызметтеріне және кіріс көздеріне қол жеткізуі шектеулі. Осылайша, қиын жағдай қалыптасады: балаларды еңбекке тарту олардың болашақта білім алу перспективаларын нашарлатады, ал ол өз кезегінде оның кейіннен жұмысқа орналасуына әсер етеді. Соңғы нәтижесінде бала еңбегі адамзаттық ресурстардың дамуына және еліміздің жалпы әлеуметтік - экономикалық дамуына жағымсыз әсер етеді.Осыған байланысты барлық мектептерде жопар құрылып, іс-шаралар жүргізіледі.

A post shared by @ zhetisu_43_school on