25 мамыр - соңғы қоңырау » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 25 мамыр - соңғы қоңырау
26
мамыр
2020

25 мамыр - соңғы қоңырау

View this post on Instagram

25 мамыр - әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі. Құрметті оқушылар, ұстаздар және ата –аналар! Өздеріңізге белгілі, еліміздегі карантин жағдайына байланысты биылғы жылғы соңғы қоңырау ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес онлайн форматта өткелі отыр. Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 2019-2020 оқу жылы мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен 2-10- сынып оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл - күймен жаңа оқу жылына өз мектебімізге қайта оралуларына тілектеспіз. Ал, 11 жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасқалы отырған түлектерімізді алдағы үлкен сыннан сүрінбей өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларына, көздеген мұрат — мақсаттарына қол жеткізіп, келешегі кемел, болашағы нұрлы болып, асқар шыңдарды бағындыруларын тілейміз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар! Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап, шәкірттердің бойына жеткізе білген, бойындағы бар жинап-терген білімін оқушылардың санасына сапалы етіп сіңіре білген ұстаздарымызға еңбектерінің жемісін көріп, шығармашылық ізденістер мен ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін демекпіз. Ұстаздық жолдарыңыз өрлей берсін! Қымбатты ата-аналар! Тәрбиелеп отырған балаларыңыз заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, білімді азамат болып өссін! Оқу жылының табысты аяқталуына сіздердің бізбен бірлесе атқарған еңбектеріңіз үшін айтар алғысымыз шексіз. Әр кез балаларыңыздың жетістіктеріне, қуанышына бөлене беріңіздер. Білім шыңына жетелеген зерек ұл-қыздарымыз көбейе берсін. Балалардың жазғы демалыстарын сәтті өткізіп, келесі оқу жылында аман-есен қауышуға тілектестік білдіреміз! Баршаңызды тағы да, 25 мамыр - оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз!

A post shared by @ zhetisu_43_school on

Похожие публикации:

12 қыркүйек 2019 Ата-аналар жиналысы
01 қыркүйек 2018 Хабарландыру
01 қыркүйек 2016 Алғашқы қоңырау