"Мектепке жол" Республикалық акция » 43 школа
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№43 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 3827355
Есепші бөлімі:
+7(727) 3827380
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектепке жол" Республикалық акция
25
шілде
2022

"Мектепке жол" Республикалық акция

Хабарландыру❗️
Алматы қаласының Білім басқармасы Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілетінін хабарлайды.
Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы – 2022 жылдың 30 қыркүйегінде.
Акцияның мақсаты:
Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.