"Бірлігіміз жарасқан"
Мектебіміздің тәрбие жоспарына сәйкес «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында 1-мамыр халықаралық бірлік, ынтымақ, достық күніне орай ДТІЖО мен өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 1-10 сыныптар арасында сайыс өтті. Ұйымдастырушылар мен 1-10 сыныптар және сынып жетекшілері мен ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!Сайыста оқушылар әр ұлттың ұлттық киімдерін киіп, мемлекеттің тарихымен, ұлттық тағамдарымен, халықтың тұрмыс -тіршілігімен және ұлттың әндері мен билерін таныстырды.